Найзағай, үсік, шаңды дауыл: 12 мамырға арналған ауа райы болжамы

Автор: Алмас Ерсін

Елдің батысында шаңды дауыл күтіледі

Фото: istockphoto.com

12 мамырда Қазақстанның барлық өңірінде, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында синоптиктер дауылды ескерту жариялады. Ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжануда. Оңтүстіктегі таулы аймақтарда қар жаууы мүмкін. Солтүстік, шығыс және батыс өңірлерде үсік сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада түнде 1–3 градус үсік болады. Солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні таңертең және күндіз 15–20 м/с-қа жетеді.

Ақмола облысында күннің соңына қарай солтүстік-шығыста аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Түнде 1–6 градус үсік күтіледі. Солтүстік-батыс, батыс желі облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15–20 м/с жылдамдықпен соғады. Оңтүстік-шығыста жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда да жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батыс бөлікте тұман болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15–20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Түнде батыс пен шығыста 3 градус үсік жүреді. Петропавлда да жел 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.

Қостанай облысында күндіз солтүстік пен шығыста жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман күтіледі. Оңтүстік-батыс, батыс желі облыстың солтүстігі мен шығысында 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде шығыста 3 градус үсік болады. Қостанайда күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.

Павлодар облысында батыс, солтүстік-батыс желі 15–20 м/с болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Павлодар қаласында да желдің екпіні 23–28 м/с болады.

Қарағанды облысында батыстан соғатын жел түнде оңтүстікте, күндіз батыс пен солтүстікте 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде облыс аумағында 1–6 градус үсік жүреді. Қарағанды қаласында түнде 1–3 градус үсік күтіледі.

Ұлытау облысында түнде батыста, солтүстікте және шығыста 3 градус үсік болады. Облыста және Жезқазғанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде солтүстік пен шығыста жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түседі. Түнде және таңертең солтүстік пен оңтүстікте тұман күтіледі. Батыс, солтүстік-батыс желі облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15–20 м/с, екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Түнде солтүстік пен шығыста 3 градус үсік болады. Оңтүстік-шығыста, оңтүстікте және орталықта жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде күндіз желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Абай облысында түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі. Солтүстік-батыс, солтүстік жел облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында 15–20 м/с, екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде батыста, шығыста және орталықта 3 градус үсік күтіледі. Өңірде жоғары, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Алматы облысында түнде оңтүстікте кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Таулы аймақтарда жаңбыр аралас қар түріндегі қатты жауын-шашын түседі. Оңтүстікте және таулы аудандарда найзағай болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, оңтүстікте, шығыста, тау бөктері мен таулы аймақтарда 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Солтүстік пен орталықта жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, найзағай болады. Қонаевта түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауының тауларында түнде кей уақыттарда қатты жауын-шашын түсіп, қар жауады, күндіз жаңбыр жауады. Кей уақыттарда найзағай болады. Оңтүстік-батыс желінің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Жетісу облысында түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығыс желі облыстың шығысы мен оңтүстігінде 15–20 м/с, кей уақыттарда 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында түнде оңтүстікте және таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай болады. Таулы өңірлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Күндіз таулы аймақтарда жаңбыр мен найзағай сақталады. Таулы аудандарда тұман болады. Солтүстік-шығыс желі облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы өңірлерде 15–20 м/с, екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Батыста жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда түнде жаңбыр жауып, найзағай болады. Таңертең және күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Түркістан облысында күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік-шығыс желі облыстың батысында және таулы аймақтарда 15–20 м/с, екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Солтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте және Түркістан қаласында желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде және шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыс, шығыс желі өңірдің орталығында, оңтүстігінде және шығысында 15–20 м/с жылдамдықпен соғады. Жоғары өрт қаупі сақталады, ал шығысында төтенше өрт қаупі бар. Қызылордада күндіз шаңды дауыл болады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Ақтөбе облысында түнде шығыста 1 градус үсік күтіледі. Оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында күндіз батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыс желі облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Атырауда күндіз шаңды дауыл болып, желдің екпіні 15–18 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысында батыс пен солтүстікте аздаған жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыс желі күндіз батыста, солтүстікте және оңтүстікте 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Маңғыстау облысында күндіз оңтүстікте, солтүстікте және орталықта шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с болады. Ақтауда күндіз желдің екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді.