Елдің сегіз өңірінде үсік жүреді деп күтілуде
11 мамырда Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, дауыл тұрып, екпінді жел соғады.
Түнде Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Абай облыстарында 1–6 градус үсік күтіледі.
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +8…+10°C болады. Топырақ бетінде −2°C-қа дейін үсік жүреді.
Алматыда аспан бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Кей сәттерде жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +18…+20°C болады.
Шымкентте күн ала бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел екпінді соғады. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +21…+23°C.
Ақтөбеде күн аз бұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +16…+18°C.
Ақтауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +23…+25°C.
Атырауда күн аз бұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +24…+26°C.
Жезқазғанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +4…+6°C, күндіз +16…+18°C.
Қарағандыда күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +10…+12°C. Топырақ бетінде −1…−3°C үсік жүреді.
Көкшетауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы күндіз +8…+10°C болады. Топырақ бетінде −1…−3°C үсік күтіледі.
Қонаевта аспан бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +19…+21°C.
Қостанайда күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы күндіз +12…+14°C болады. −1…−3°C үсік жүреді. Мамырда жұрт далада кәуап пісіріп жүргенде, қатарынан үсік туралы болжам естіп жатыр. Қазақстанның көктемі биыл тағы да төрт мезгілді бір күнге сыйдырып тұрғандай.
Қызылордада күн ала бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Кей уақытта жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +22…+24°C.
Павлодарда күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +1…+3°C, күндіз +9…+11°C. Топырақ бетінде −1…−3°C үсік жүреді.
Петропавлда күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел екпінді соғады. Ауа температурасы күндіз +8…+10°C болады. −1…−3°C үсік күтіледі.
Семейде аспан бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +4…+6°C, күндіз +13…+15°C.
Талдықорғанда аспан бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +15…+17°C.
Таразда күн ала бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Таңертең және күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +22…+24°C.
Түркістанда күн ала бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел екпінді соғады. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +23…+25°C.
Оралда күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +16…+18°C.
Өскеменде аспан бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +12…+14°C болады.