Өрт 12 қабатты тұрғын үйдің жетінші қабатындағы пәтерлердің бірінде болған
Елордадағы Мәңгілік ел даңғылы бойында орналасқан тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, құтқарушылар тілсіз жауды ауыздықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өрт 12 қабатты тұрғын үйдің жетінші қабатындағы пәтерлердің бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, пәтер ішіндегі керме төбе тұтанып, от тез тарай бастаған.
ТЖМ бөлімшелері оқиға орнына жедел жетіп, өрттің пәтердің басқа бөліктеріне және көрші үйлерге таралуына жол бермеді. Сондай-ақ тілсіз жауды қысқа мерзімде оқшаулап, толықтай сөндірді.
Құтқарушылардың кәсіби әрекетінің арқасында зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.