21 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Сейсенбі күні еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
21 шілде күні республиканың басым бөлігінде күн ашық болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.
Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл тұруы, бұршақ жаууы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.
Павлодар, Қостанай, Ақмола облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұруы, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында дауыл күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Алматы, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде жел тұрып, 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан, Қызылорда облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Алматы, Түркістан облыстарында, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады.
Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Қостанай, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.