$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.07.2020, 04:26
Жаңалықтар

Сағынтаев: Алматыда резервтік инфекциялық орындар құрылып жатыр

Қала әкімі №4 перзентхананың жаңа ғимаратында болды

Сағынтаев: Алматыда резервтік инфекциялық орындар құрылып жатыр

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың жаңа нысандарын ковидтік госпиталь ретінде пайдаланудың дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Бүгін №4 қалалық перзентхананың жаңа корпусын қарап шықтым. Мұнда COVID-19-бен ауырғандар үшін қосымша 50 төсек-орын ашылады. Коронавирус инфекциясымен босанатын әйелдерге арналған госпитальды дайындау бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазір хирургиялық, реанимациялық жабдықтарды, ӨЖЖ аппараттарын қосу жұмыстары жүргізілуде. Сөйтіп аптаның соңына қарай бұл жер КВИ-мен босанатын әйелдерді қабылдауға дайын болады», – деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында.

Әкім өзінің сөзінде ковидті стационар ретінде жұмыс істейтін перзентханада 105 төсек-орынға дейін бар екенін айтты. Сонымен қатар жоғары білікті медициналық көмектің дер кезінде көрсетілуі арқасында аналар мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығы мен өмірі сақталатынын атап өтті. Сонымен қатар Алматы әкімі  COVID-19-бен күресуде науқастарды жатқызатын орындарды көбейту қажеттілігіне байланысты салынып жатқан арнайы әлеуметтік қызмет көрсету Орталығы ғимаратының құрылыс барысымен танысты, мұнда 500 төсек-орынға арналған бірінші эшелон инфекциялық стационар ретінде қайта бейімделеді.

«Барлық құрылыс-жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Нысанды бір айдан кейін тапсыруды жоспарлап отырмыз», – деп жазды Сағынтаев.

Жаңа ковидтік госпиталь қажетті заманауи құралдармен және медициналық газбен жабдықталады. Қазір кадрларды даярлау жұмыстары жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары