Тиісті өзгерістер 2003 жылғы жарлыққа енгізілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 мамыр, жұма күні Қазақстан президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрамын өзгерту туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Тиісті өзгерістер Қазақстан Республикасы президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы» жарлығына енгізілді.
«Осы аталған жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамы осы жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын», – делінген құжатта.
Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшелерінің тізімі.