Екібастұзда ер адам көлігіне картонға жазылған нөмір тағамын деп жүргізуші куәлігінен айырылды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

«Хендмейд» жүргізуші куәлігінен айырды

Фото: Видеодан скрин

Павлодар облысына қарасты Екібастұз қаласында ер адам көлігіне картонға жазылған нөмір тағамын деп жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Екібастұз қаласында полицейлер көлік ағынынан ерекше көзге түскен автокөлікті тоқтатты. Жүргізуші мемлекеттік нөмірдің көшірмесін жасатуға ақша шығармай, оны кәдімгі картон мен қара маркердің көмегімен өзі жасап алған.

Алайда «шығармашылық» заңнан құтқара алмады. Полицейлер бұл «дизайнды» оң бағалай қойған жоқ.

«Жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдаланғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Материалдар сотқа жолданды», – деп хабарлады Екібастұз қаласының Полиция басқармасы.