Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын алтын медаль жеңіп алып, әлемдік хоккей элитасына оралды

Автор: Алмас Ерсін

Украина құрамасы аз ғана айырмашылықпен жеңілді

Фото: ҚХФ

Қазақстан хоккей құрамасы Польшада өтіп жатқан әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы төртінші матчта Украина командасын 5:4 есебімен жеңді,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші кезеңде есепті Всеволод Логвин 13-минутта ашты. Екінші кезеңде украиналықтар таразы басын теңестірді. Алайда 31-минутта Кирилл Ляпунов Қазақстан құрамасын қайта алға шығарса, 33-минутта Роман Старченко есеп айырмасын ұлғайтты. Осыдан кейін қарсылас қатарынан үш шайба соқты. Ал 52-минутта Батырлан Мұратов таблодағы есепті теңестірді.

Матч овертайм мен буллиттер сериясына ұласып, онда Қазақстан құрамасы мықтырақ болды – 5:4.

Осылайша Қазақстан құрамасы 11 ұпай жинап, әлем чемпионатының бірінші дивизионында мерзімінен бұрын бірінші орын алды және әлемдік хоккей элитасына жолдама жеңіп алды.

Бұған дейін команда Литваны 4:1, Жапонияны 6:0 және Польшаны 3:2 есебімен жеңген болатын.

Талғат Жайлауов Украинаға қарсы матчқа мына құрамды шығарды: Бояркин (Шутов) — Михайлов — Данияр, Старченко — Шестаков — Мұратов; Бекетаев — Оразов, Савицкий — Өмірбеков — Қайыржан; Никитин — Бреус, Симонов — Логвин — Ляпунов; Гайтамиров — Хорошев, Асетов — Шайхмедденов — Ғатиятов.