Ол Отан қорғаушылар күні қарсаңында марқұм жұбайын еске алды
Елордада бірнеше адамды құтқарғаннан кейін қаза болған өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің жары Әнел Забикулина әлеуметтік желіде жұбайына жантебірентерлік жазба арнап, елді жылатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін қыздарыңмен саған тағы келдік…Қолымызда гүл, жүрегімізде сағыныш. Сен бұл өмірден кетсең де, біз үшін мәңгі тірісің. Өйткені нағыз батырлар өлмейді. Олар халқының жүрегінде, отбасының дұғасында мәңгі қалады. Қыздарың сендей әкеміз бар деп әрқашан мақтанып өседі. Ал мен жүрегімде сені өмір бойы алып өтемін. Мерекеңмен, біздің қаһарманымыз», - деп жазды Әнел.
Еске салайық, Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде ерлік көрсеткен өрт сөндіруші Асқар Забикулин 2022 жылдың 16 қарашасында Астанадағы үш бөлмелі пәтерде шыққан өрттен тұрғындарды құтқаруға қатысқан болатын. Оқиға барысында ауыр жарақат алған ол ауруханаға жеткізілді. Алайда дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, 20 қараша күні өмірден өтті. Кейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Забикулинге қаза болғаннан кейін І дәрежелі «Айбын» ордені берілді.