Ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі
Синоптиктер 8 мамырда Астана мен Қазақстанның барлық өңірінде қауіпті ауа райы құбылыстары болатынын ескертіп, дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада күндіз жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Күндіз желдің екпіні 15–18 м/с-қа дейін күшейеді.
Ұлытау облысында түнде жаңбыр мен найзағай болады. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай мен бұршақ күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда түнде және таңертең жаңбыр мен найзағай болжанып отыр.
Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Облыстың солтүстігінде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді. Сонымен қатар аптап ыстық 36 градусқа дейін көтеріледі. Қонаевта жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы тауларында күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Атырау облысында түнде және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Атырауда кей уақыттарда жаңбыр мен найзағай болады.
Қарағанды облысында түнде және күндіз жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай мен бұршақ болжанып отыр.
Қызылорда облысында түнде жаңбыр, найзағай және дауыл күтіледі. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада түнде жаңбыр мен найзағай болады.
Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай және тұман күтіледі. Жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ақтауда күндіз жаңбыр мен найзағай, түнде және таңертең тұман болжанған.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде де жел күшейеді.
Абай облысының батысы мен орталығында күндіз аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде де жел күшейеді.
Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі. Күндіз ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және тұман күтіледі. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтөбеде күндіз жаңбыр мен найзағай болады.
Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда күндіз жаңбыр мен найзағай болады.
Жетісу облысында аптап ыстық 35–36 градусқа дейін жетеді. 10 мамырға дейін жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда да жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Тұман түсуі мүмкін. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанайда жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болжанып отыр. Кей жерлерде тұман болады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз қатты жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Оралда да жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Кей жерлерде тұман түседі. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда күндіз жаңбыр мен найзағай болжанып отыр.