Airbus A350 ұшағы Сеулден Цюрихке бағыт алған
Швейцариялық SWISS әуе компаниясына тиесілі Airbus A350 ұшағы Балқаш көлі үстінен ұшу кезінде дабыл қаққан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Осыдан кейін әуе кемесі Алматы қаласына бағытталып, сәтті қонды.
Бұған дейін экипаж Squawk 7700 авариялық кодын жіберген. Бұл бортта төтенше жағдай туындаған кезде қолданылатын әмбебап белгі.
Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.