«Шекті мөлшерден асып кеткен»: «Қазцинк» зауытындағы жарылыс Өскеменнің ауасын қаншалықты ластады

Автор: Асыл Арман

Эколог мамандар ауа сапасына тексеру жүргізді

Фото: istockphoto.com

Экологтар Өскемендегі «Қазцинк» зауытында болған жарылыстан кейін қала ауасының сапасын тексерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шығыс Қазақстан облысы Экология департаментінің мамандары оқиға орнына барып, ауаға қажетті талдау мен өлшеу жұмысын жүргізді.

«Қажетті талдаулар мен өлшеулер жүргізілді. Нәтижесінде рұқсат етілген шекті мөлшерден аздап асып кеткені белгілі болды. Алайда қауіпті ластаушы заттардың таралғаны анықталған жоқ. Жергілікті тұрғындар үшін қауіп пен қатер жоқ», – делінген хабарламада.