Ауыр атлетикадан Азия чемпионатына қатысатын қазақстандықтардың тізімі жарияланды

Автор: Асыл Арман

Азия чемпионаты 10 мамыр күні басталады

Фото: Olympic.kz

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатына қатысатын қазақстандықтардың тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

10 мамыр күні Гандинагар қаласында (Үндістан) ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталады.

Аталған байрақты бәсекеде ел намысын төрт спортшы қорғайды.

79 келі: Петр Хребтов

88 келі: Әлібек Рахымберды, Александр Уваров

110 келі: Сұлтан Мейрам

Айта кетейік, құрлық біріншілігі 17 мамырға дейін жалғасады.