Өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтап үлгерді
ШҚО-ның Ұлан ауданына қарасты Бұқтырма су қоймасы маңындағы Аюда шатқалында, Приморск орманшылығы аумағында орман аймағында шөп, бұталар мен ағаштар алапат отқа оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өртпен күресу үшін ТЖМ авиациясының әуе кемесі, орман шаруашылығы қызметкерлерінің десанты және ШҚО ТЖД жеке құрамы жұмылдырылды.
«Өртті сөндіру жұмыстары таулы жер бедері мен желдің екпініне байланысты күрделенді. Қазіргі уақытта бірлескен күштердің арқасында өрт оқшауланды», – делінген хабарламада.