Ол суицид жасаған
Ақмола облысының Целиноград ауданында бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық полицияның мәліметінше, 2 мамыр күні Целиноград ауданында бұрын хабар-ошарсыз кеткен адамның мәйіті табылды.
«Өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.