Техникалық ақау: Испанияның премьер-министрі Арменияға барар жолда Анкараға шұғыл қонды

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол Анкараға түнеуге мәжбүр болды

Фото: Синьхуа

Испанияның премьер-министрі Педро Санчес кеше Мадридтен Ереванға Еуропалық саяси қауымдастықтың отырысына бара жатып, ұшақтағы техникалық ақауға байланысты Анкараға шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Испанияның ресми EFE ақпарат агенттігінің мәліметінше, Санчес мінген Airbus A310 типті ұшақ техникалық себептерге байланысты Анкара әуежайына шұғыл қонған.

Санчес Анкарада түнеген, ал бүгін таңертең ол Ереванға жолға шығады.

Айта кетейік, бұған дейін, 2025 жылғы 4 қыркүйекте, Педро Санчес Украина бойынша Парижде өткен кездесуге де қатыса алмаған еді. Ол кезде Falcon типті ұшақта ақау шығып, ұшақ Мадридке қайта оралуға мәжбүр болған. Сол жиынға ол бейнебайланыс арқылы қатысқан.