Павлодарда соңғы 24 сағат ішінде ішімдік пен есірткі қолданған 8 жүргізуші ұсталды

Автор: Асыл Арман

Мас жүргізушілердің көлігі айып тұрағына қойылды

Фото: freepik.com

Павлодар облысында бір тәулік ішінде полиция қызметкерлері шамамен 900 құқықбұзушылықтың жолын кесті. Оның ішінде 364-і жол қозғалысы ережелерін бұзу болса, 8 жағдай – көлікті мас күйде жүргізу, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мысалы, Павлодар қаласында патрульдеу кезінде KIA автокөлігі тоқтатылды. Жүргізушінің мас күйде екені медициналық сараптама арқылы расталды: оның есірткілік масаң күйде болғаны анықталды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылып, жүргізушіге қатысты материалдар сотқа жолданды.

«Жол қозғалысы ережелерін сақтау – жай формалдылық емес, бұл сіздің қауіпсіздігіңіздің кепілі. Біз рейдтік шараларды тәулік бойы жүргіземіз. Әрбір жол қозғалысына қатысушы түсінуі тиіс: жолдағы тәртіп жеке жауапкершіліктен басталады. Барлық жүргізушіні қатаң тәртіпке шақырамыз. Мас күйде рульге отыру арқылы сіз тек өз өміріңізді ғана емес, жазықсыз адамдардың өмірін де қауіпке тігесіз. Жол қателікті кешірмейді, ал заң мұндай құқықбұзушыларға барынша қатаң жаза қолданылады», – деп атап өтті Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Жандос Байкенов.