Әуе кемесі пациентті облыс орталығына жеткізді
Қызылорда облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің санитарлық борты науқасты шұғыл тасымалдау бойынша кезекті рейсін сәтті аяқтады. Қызылорда – Шиелі бағыты бойынша ұшқан әуе кемесі пациентті облыс орталығына жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шиелі ауданынан эвакуацияланған науқас мамандандырылған медициналық көмек пен тұрақты бақылауды қажет еткен. ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тасымалдау барысында науқастың жағдайы жіті қадағаланып, тиісті емдеу мекемесіне аман-есен тапсырылды.
Санитарлық авиацияның негізгі артықшылығы – уақытты үнемдеу. Қашықтығы алыс немесе жол инфрақұрылымы күрделі өңірлерге әуе көлігі тез жетеді. Сондай-ақ шалғай аудандардағы тұрғындарға жоғары деңгейлі медициналық қызмет қолжетімді.
Төтенше жағдайлар министрлігі бұл бағыттағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырып келеді.