Елдің басым бөлігінде өрт қаупі жоғары
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 2 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, Қостанай және Ақмола облыстарының батысы мен солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында 1-2 градус үсік күтіледі.
Павлодар, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Абай және Ұлытау облыстарында өрт қаупі жоғары. Ал Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +16…+18°C.
Алматыда құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +25…+27°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +20…+22°C.
Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +4…+6°C, күндіз +17…+19°C.
Атырауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +20…+22°C.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +20…+22°C.
Жезқазғанда аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +20…+22°C.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +18…+20°C.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +15…+17°C.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +27…+29°C.
Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +14…+16°C.
Қызылордада құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +24…+26°C.
Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +19…+21°C.
Петропавлда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +13…+15°C.
Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +27…+29°C.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +27…+29°C.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +21…+23°C.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +21…+23°C.
Оралда құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +10…+12°C.
Өскеменде ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +27…+29°C.