Нұрай Серікбайды өлтірген күдіктінің есі дұрыс болып шықты – ІІМ

Автор: Асыл Арман

Ол осыған дейін психдиспансерге жатқызылған

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Сенат кулуарында Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша сараптама қорытындысы алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері аяқталуға жақын. Тергеушінің тағайындауымен сот-психиатриялық сараптама жүргізілді. Қазір оның нәтижелері алынды. Айыпталушы заң алдында есі дұрыс адам ретінде жауап береді. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қазір тергеу аяқталу сатысында», – деді Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов.

Айта кетейік, осыған дейін Шымкентте бойжеткен Нұрай Серікбайды асқан жауыздықпен пышақтап өлтірді деген күдіктінің психиатриялық ауруханаға жатқызылғаны хабарланған.