Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

Автор: Асыл Арман

Ресей СІМ басшысының келу себебі белгілі болды

Фото: ҚР СІМ

Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Астанаға ресми сапарымен келген әріптесі Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қарсы алды.

Шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жоспарланып отыр.