Қостанайда ер адам көшеде кетіп бара жатқан бейтаныс әйелді аямай ұрып кетті (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Оның психикалық денсаулық орталығында есепте тұрғаны белгілі болды

Фото: Видеодан скрин

Қостанайда ер адам көшеде кетіп бара жатқан бейтаныс әйелді аямай ұрып, қашып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Полицияның мәліметінше, күдікті қолға түсті. Сондай-ақ оның психикалық денсаулық орталығында есепте тұрғаны және қазіргі уақытта мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылғаны атап өтілді.

Қазіргі уақытта әйел адам дене жарақатын келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу әрекеті жалғасып жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.