Доллар бір күнде 3,59 теңгеге арзандады
Қазақстан Ұлттық банкі 29 сәуірге арналған АҚШ долларының ресми бағамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банк мәліметінше, доллар бағамы – 457,21 теңге. 28 сәуірмен салыстырғанда доллар бағамы 3,59 теңгеге арзандады – 460,80 теңгеден 457,21 теңгеге дейін.
Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 458,06 теңгені, сату бағамы 460,47 теңгені құрайды.
Астанада доллардың орташа сатып алу бағамы 454,01 теңге деңгейінде қалыптасты, сату бағамы – 461,00 теңге.