Мамыр айының алғашқы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Синоптиктердің болжамы жарияланды

Мамыр айының алғашқы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының құбылмалы сипаты сақталады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 30 сәуірде елдің оңтүстік-батысында және солтүстік-батысында, ал 2 мамырда оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін.

«30 сәуірде солтүстік және орталық өңірлерде, сондай-ақ бүкіл кезең бойы шығыс облыстарда жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Республика бойынша түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі. Бүкіл кезеңде батыс өңірлерде, 30 сәуірде шығыста, 30 сәуір және 2 мамырда солтүстік-батыста, 2 мамырда елдің солтүстігінде түнгі уақытта 3°C-қа дейін үсік жүруі мүмкін», – делінген «Қазгидромет» болжамында.

Күндіз ауа температурасы біртіндеп көтеріледі:

  • Оңтүстік-батыста +17…+22°C дейін;
  • солтүстік-батыста +13…+25°C дейін;
  • шығыста +25…+32°C дейін;
  • оңтүстік-шығыста +25…+32°C дейін.
  • Ал төмендеу күтіледі:
  • батыста +10…+15°C дейін;
  • солтүстікте +12…+18°C дейін;
  • орталықта +15…+25°C дейін;
  • оңтүстікте +18…+23°C дейін.