Тыйым салынған мүлікті сату тәртібі де өзгермек
Депутаттар атқарушылық іс жүргізу саласындағы бірқатар өзгерістерді қарастырып, оңай өндіріп алудың ең шегін 20 айлық есептік көрсеткіштен 40 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтуды қолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаңа норма азаматтарға жеке сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеуге байланысты қосымша шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, заң жобасы аясында өндіріп алушыға сауда-саттықтың кез келген кезеңінде мүлікті заттай қалдыру құқығын беру ұсынылды. Егер жеңімпаз мүлікті сатып алудан бас тартса, сатып алу құқығы келесі қатысушыларға өтеді.
Тыйым салынған мүлікті сату тәртібі де өзгермек - электрондық сауда-саттық рәсімдері жаңартылады.
Бұдан бөлек, атқарушылық құжаттарды басқа атқарушылық округке негізсіз жіберу тәжірибесі алынды. Енді іс борышкердің жұмыс орны немесе тұрғылықты жері бойынша тікелей өндіріледі.
Жалпы өзгерістер атқарушылық іс жүргізуді жеңілдетіп, жүйенің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.