Депуттар заң жобаларына байланысты комиссия құрды
Парламенті Мәжілісі «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» және «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобаларын жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Аталған құжаттарды қарау үшін Парламент палаталарының бірлескен комиссиялары құрылды. Президент туралы заң жобасы бойынша комиссия құрамына Мәжіліс атынан депутат Жанарбек Әшімжанов, Серік Ерубаев, Павел Казанцев және Унзила Шапақ кірді.
Ал Құрылтай туралы заң жобасы бойынша комиссия құрамына Қайрат Балабиев, Ермұрат Бәпи, Марат Башимов және Сергей Пономаревтар енді.
Сондай-ақ Мәжіліс «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасын жұмысқа қабылдады.
Заң жобасы бойынша Парламент палаталарының бірлескен комиссиясының құрамына Мәжіліс депутаттары Нұртай Сабильянов, Мархабат Жайымбетов, Болатбек Нажметдинұлы және Нұрсұлтан Байтілесов кірді.