29.04.2026, 10:39
Жаңалықтар
Бурятияда қар көшкіні жүріп, Қазақстан азаматы көз жұмды
Қаза тапқандардың қалған – Ресей азаматтары
Фото: Бурятия Республикасының прокуратурасы
Бурятияда «Ирокинда» кенішіндегі қар көшкіні кезінде қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматы болғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы ТАСС агенттігіне құқық қорғау органдарындағы дереккөздер хабарлаған.
Оқиға 28 сәуір күні Муй ауданы аумағында болған. Технологиялық жолды тазалау жұмысымен айналысып жатқан тоғыз адамнан тұратын топ қар көшкініне тап болған. Үшеуі өздігінен шығып үлгерсе, қалғандары қар астында қалған.
Оқиға орнында ауқымды іздестіру-құтқару жұмысы жүргізілді. 29 сәуірге қараған түні құтқарушылар алты адамның мәйітін тапты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қалған қаза тапқандар – Ресей азаматтары.
Көп оқылған
30.10.2026, 12:15
Шымкентте полицей мен әйел 17 пәтердегі жезөкшеліктен күніне 2 млн теңге «табыс» тапқан: «бизнесті» 16 жастағы қыз тоқтатты
30.10.2026, 09:50
Шымкентте Өзбекстан азаматтары жүздеген млн теңгенің алтынын Түркияға алып бара жатқан жерінен ұсталды
30.10.2026, 16:00
Тоқаевтың Жолдаудағы тапсырмасынан кейін жалақысы өсетін және өспейтін дәрігерлер кім: ДСМ өкілі жауап берді
30.10.2026, 20:28
Петропавлдың қақ ортасында колледж оқытушысы бойжеткеннің алдында жалаңаштанып, әдепсіз әрекет жасаған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды