Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы орташа ауыр
Батыс Қазақстан облыстық көпсалалы балалар ауруханасының дәрігерлері Ұзынкөл ауылында дәретхана шұңқырына құлаған 9 жастағы баланың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Бала ауруханаға аса ауыр жағдайда жеткізілген. Дәрігерлер оған тыныс алу жеткіліксіздігі мен гипоксия диагнозын қойып, жансақтау бөліміне жатқызған.
Екінші тәулікте баланың жағдайы тұрақтанып, ол пульмонология бөліміне ауыстырылған. Қазіргі уақытта оған аспирациялық пневмония диагнозымен ем жүргізілуде.
Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы орташа ауыр, оң динамика байқалады. Тыныс алу жеткіліксіздігі белгілері жоқ, оттегімен қолдау қажет емес.