Ұйғыр ауданында 43 бас мал ұрлаған күдіктілер ұсталды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Қазіргі уақытта 6 адам ұсталды

Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Тасқарасу ауылы аумағында орналасқан «Жер көпір» жайылымында белгісіз адамдар мал қорасынан 43 бас ірі қара мал ұрлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, жедел-іздестіру шараларын бастаған.

«2026 жылғы 22 сәуірде жүргізілген жедел іс-шаралар барысында Жетісу облысы Жаркент қаласы аумағында Алматы облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ұйғыр ауданындағы әріптестерімен бірлесіп күдіктілерді ұстады», – деді Алматы облысы ПД бастығы Мейрам Әбікеев.

Қазіргі уақытта 6 адам ұсталып, олар 43 бас ірі қара малды ұрлап, оны өткізіп жібергенін мойындаған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Тергеу барысында олардың мал ұрлығының басқа да фактілеріне қатыстылығы тексерілуде. Қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.