Бразилиядағы Әлем кубогында Қазақстан алғашқы алтынын алды

Бразилиядағы Әлем кубогында отандасымыз финалда айқын басымдық көрсетті

Бразилиядағы Әлем кубогында Қазақстан алғашқы алтынын алды
Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасы бокстан Бразилияда өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының алғашқы кезеңінде алғашқы алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық боксшы Виктория Графеева финалда алаң иесі Ребека Сантоспен қолғап түйістірді. Жекпе-жек жоғары қарқынмен өтіп, қос спортшы да соңына дейін тартысты айқас көрсетті.

Қорытындысында төрешілер жеңісті бөлінген шешіммен қазақстандық спортшыға беріп, Виктория Графеева турнир чемпионы атанды. Осылайша, ол Қазақстан құрамасының қоржынына жарыстағы алғашқы алтын медальді салды. Ал Ребека Сантос өз еліндегі додада күміс жүлдемен шектелді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасынан финалда тағы 3 боксшы өнер көрсетеді. Атап айтқанда, Сұлтанбек Айбарұлы (85 кг), Аида Әбікеева (65 кг) және Валерия Аксенова (80+ кг) алтын жүлде үшін шаршы алаңға шығады.

World Boxing Әлем кубогының алғашқы кезеңі Бразилияда өтуде. Жарысқа әлемнің 50-ден астам елінен жүздеген спортшы қатысып жатыр.