Каспий теңізі акваториясында магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі тіркелді

Автор: Мөлдір Қазыбай

Магнитудасы 4,2 болған жер сілкінісінің ошағы 74 км тереңдікте орналасқан

Фото: istockphoto.com

Каспий теңізі акваториясында магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен сағат 21:09-да болған.

Азертадж ақпарынша, жер сілкінісінің ошағы 74 км тереңдікте орналасқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, дүмпу теңіз аймағында тіркелгендіктен, жақын маңдағы елді мекендерге айтарлықтай әсері туралы ақпарат нақтыланып жатыр.