Ақорда арнайы хабарлама жариялады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық CryptoPay жүйесін пайдалану арқылы төлем жасау көрсетілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл Қазақстандағы криптовалютамен төлеудің алғашқы үрдісі болды.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары-2026» халықаралық турниріне дейінгі кері санақты интерактивті форматта іске қосты. Фиджитал-атлеттер арасындағы дода Астана қаласында 29 шілде мен 9 тамыз күндері аралығында өтеді.