Саясат Нұрбектің айтуынша, зерттеу университеті Alem.ai базасында орналасады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа AI Research University тұжырымдамасы таныстырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, зерттеу университеті Alem.ai базасында орналасады.
Студенттер alem.cloud, AlemLLM секілді ұлттық жасанды интеллект инфрақұрылымын және Astana Hub ресурсын пайдалана алады.
Оқу үдерісін биыл 1 қыркүйектен бастау жоспарланып отыр.