Үйлерді қорғау үшін 1500 қап инертті материал төселді
Қызылорда облысының Бірлік ауылында нөсер жауын салдарынан арық арнасынан асып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үйлерді қорғау үшін 1500 қап инертті материал төселді. Сондай-ақ арықты тереңдету жұмысы жүргізілді.
Су басу қаупінің алдын алу мақсатында «Жігерлім» су ағызу каналына, «Шұқырой» су айдынына және шабындық алқаптарға бұрылды.
«1178 текше метр су сорылып шығарылды. Салдарын жоюға ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды: шамамен 320 адам, 13 мотопомпа және 17 бірлік техника», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.