Блогерлердің мүлкі де тәркіленуі мүмкін
Астанада атышулы ерлі-зайыпты блогерлер – Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс бойынша сот отырыстары өтіп жатыр. Онда прокурор блогерлерге қатысты жаза мерзімін сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокурор айыпталушыларға ҚК-нің 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы және 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша айып тағылғанын еске салды. Мемлекеттік айыптаушының пікірінше, бұл іс тек жеке оқиға емес, қоғам үшін маңызды прецедент бола алады.
Прокурор Ерболат Жанабыловқа 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Ал Эльмира Төлегеноваға да 4 жыл жаза тағайындап, бірақ оны 1 жылға кейінге қалдыруды ұсынды.
Сонымен қатар мемлекеттік айыптаушы мынадай мүлікті тәркілеуді ұсынды:
Прокурордың айтуынша, ұсынылған жаза әділеттілікті қалпына келтіруге және мұндай қылмыстардың алдын алуға бағытталған.