22.04.2026, 17:58
Жаңалықтар
Қазақстанда жұмыртқа импортына уақытша тыйым салынды
Жарты жылға тыйым салынды
Фото: freepik.com
Ауыл шаруашылығы министрлігі ел аумағына тауық жұмыртқаларын әкелуге уақытша шектеу енгізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомствоның бұйрығы 2026 жылғы 21 сәуірден бастап күшіне енді.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерінен барлық көлік түрі арқылы жаңа тауық жұмыртқаларын әкелуге 6 айлық тыйым салынды.
Дегенмен бұл шектеу транзиттік тасымалдарға қатысты емес. Яғни, өнім Қазақстан аумағы арқылы басқа елге өтетін жағдайда немесе ЕАЭО-ға мүше бір елден екінші елге Қазақстан арқылы жеткізілген кезде рұқсат етіледі.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды