22.04.2026, 17:46
Жаңалықтар
Меккеге жаяу сапарға шыққан: Астана тұрғыны 7 елді кесіп өтіп, 8 мың км жүрмек (ВИДЕО)
Ол өзіне көмектескен полицейлерге шынайы алғысын білдірді
Фото: Видеодан скрин
Астана тұрғыны қажылық жасау үшін Меккеге дейін жаяу бармақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол шамамен 8 мың шақырымды жаяу жүріп өтпек. Бағыты 7 елдің аумағы арқылы өтеді.
Астана – Петропавл тасжолында оны полиция экипажы байқап, қауіпсіздігіне алаңдаған тәртіп сақшылары қолдау көрсеткен. Батальон командирі Ерлан Дарбаев бастаған қызметкерлер саяхатшыға арнайы шағылыстырғыш кеудеше сыйлады.
Бұл кеудеше қараңғы уақытта көрінуді арттырып қана қоймай, жаңбырдан да қорғайды.
Азамат Сәрсембай полицейлерге шынайы алғысын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды