ШҚО-да «Ауыл құтқарушылары» құрғақ шөптің жануын сөндірді
ШҚО-ның Шемонаиха ауданындағы Усть-Таловка кентінің шетінде ашық аумақта құрғақ шөп өртенді. Желдің екпіні салдарынан өрт тез таралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желдің екпінімен от тез тарады. Усть-Таловка кентінің «Ауыл құтқарушылары» қызметкерлері мен ТЖМ күштері жедел жетіп, өртті 7 гектар аумақта сөндірді.
Жақын орналасқан өрт сөндіру бекетінің жедел келуінің арқасында өрттің одан әрі таралуының алды алынды.