Талдықорғанда құрылыс компаниялары әлі басталмаған үйді үлескерлерге сатып келген

Осы әрекеті үшін оларға ірі көлемде айыппұл салынды

Талдықорғанда құрылыс компаниялары әлі басталмаған үйді үлескерлерге сатып келген
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Талдықорған қаласында құрылыс компаниялары үлескерлердің ақшасын заңсыз қабылдағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жетісу облысының прокуратурасы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы заңнаманың сақталуына қадағалауды қамтамасыз етеді. Осы жұмыс аясында Талдықорған қаласының прокуратурасы «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР заңы талаптарының сақталуына талдау жүргізді.

«Талдау барысында тиісті рұқсат алмай, жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражатын заңсыз тарту фактілері анықталды, бұл азаматтардың мүліктік мүдделеріне қауіп төндіреді. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кінәлі құрылыс салушылар әкімшілік жауапқа тартылып, салынған айыппұл сомасы 3,2 млн теңгені құрады. Бұл шаралар заңдылықты қалпына келтіруге және халықтың тұрғын үй нарығына деген сенімін нығайтуға бағытталған», – делінген прокуратура хабарламасында.

Жетісу облысының прокуратурасы азаматтарды сақ болуға шақырады: қаражатты тек заңнаманың белгіленген талаптарына сәйкес келетін нысандарға ғана салу қажет.

Сонымен қатар, прокуратура аумақты қоргандардың жұмысын үйлестіруді жалғастырып, құқықбұзушылықтарды уақтылы анықтауды, олардың жолын кесуді және халықтың заңды мүдделерін сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.