Жоғарғы сот оқиға бойынша арнайы хабарлама жариялады
Атырау облысында 2024 жылы металлургиялық кәсіпорында болған қайғылы оқиға салдарынан бір қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жоғарғы соттың мәліметінше, кәсіпорында жеті жылдан астам жұмыс істеген болат балқытушы индукциялық пештен балқыған металдың атқылауы салдарынан ауыр күйік алған. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, көз жұмған.
Алғашқы тергеу қорытындысы бойынша жауапкершілік жұмыс беруші мен жұмысшы арасында тең бөлініп, әрқайсысына 50%-дан жүктелген. Марқұмның ағасы бұл шешіммен келіспей, сотқа жүгінген. Ол қайғылы жағдай жеке қателіктің емес, жұмыс беруші тарапынан кеткен жүйелі бұзушылықтардың салдары екенін айтып, кінә үлесін қайта қарауды талап етті.
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты кәсіпорын тарапынан өрескел заңбұзушылықтар жіберілгенін анықтады:
Соттың қорытындысы бойынша, дәл осы жұмыс беруші қауіпті еңбек жағдайларын қалыптастырып, қайғылы оқиғаның алдын алу жұмысын жүргізбеген. Нәтижесінде талап толық қанағаттандырылып, кінә үлесі қайта қаралды: 90% жұмыс берушіге, 10% жұмысшыға жүктелді.