Қазақстандық боксшы Бразилияда өтіп жатқан Әлем кубогын жеңіспен бастады

Автор: Асыл Арман

Фос-ду-Игуасуда (Бразилия) бокстан Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр

Фото: Olympic.kz

Қазақстандық боксшы Бразилияда өтіп жатқан Әлем кубогындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Екінші жарыс күні Қазақстан атынан шаршы алаңға екі боксшы шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

65 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы алғашқы жекпе-жегінде Хассен Аттиямен (Тунис) жұдырықтасып, 5:0 есебімен басым түсті.

55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бағлан Кенжебек армениялық Жирайр Саргсянға жол берді. Осылайша жарыс жолын ерте аяқтады.

Айта кетейік, үшінші жарыс күні шаршы алаңға Даниял Сәбит (50 келіге дейін), Назым Қызайбай (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін), Фарух Тоқтасынов (70 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін), Диас Молжігітов (80 келіге дейін) шығады.