Жүктің жалпы салмағы – 32 тонна
Алматы әуежайына дәрілік препараттар тиелген кезекті борт қонды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жалпы салмағы 32 тонна болатын жүкке «Іңкәр» фармацевтикалық компаниясы қаладағы дәріханалар желісі үшін Үндістаннан тапсырыс берген. Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, әуежайда ковидке қарсы препараттардың 242 мың орама көлеміндегі партиясы түсірілген. Жүк кедендік тазалаудан өтіп, қажетті құжаттар рәсімделген соң, компанияның қоймасына жеткізіледі, одан кейін дәріханалар желісіне апарылады», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін фармкомпанияларды пайызсыз несиелендіру мақсатына 5 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражат қайтарымды.