Прокурорлар негізсіз төленген бюджет қаржысының кері қайтарылуын қамтамасыз етті
Жетісайда әкімдік талапқа сай келмейтін 28 пәтерді 200 млн теңгеге сатып алғанмен, ақшасын бюджетке қайтаруына тура келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жетісай ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органмен тұрғын үй-жайларды сатып алу кезіндегі заңдылықтын сақталуына талдау жүргізді.
Талдау нәтижесінде жергілікті атқарушы органның сыртқы және ішкі құрылыс жұмысы толық аяқталмаған, техникалық ерекшеліктерге сәйкес келмейтін 28 пәтерді мемлекеттік сатып алулар арқылы қабылдап алғаны анықталды.
«Енгізілген прокурорлық қадағалау актісі негізінде 28 пәтерге негізсіз төленген 200 млн теңге жергілікті бюджетке кері қайтарылуы қамтамасыз етілді», – делінген прокуратура хабарламасында.