Атырау облысында карантин режимі 3 тамызға дейін ұзартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Карантин шаралары 19 шілде сағат 00:00-де күшіне енеді

Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысында қатаң карантин режимі 3 тамызға дейін ұзартылды. Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Садуақас Байғабыловтың 17 тамызда қол қойған қаулысында айтылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қаулы 19 шілде сағат 00:00-де күшіне енеді. Қатаң карантин режимі 3 тамыз сағат 00:00-дейін ұзартылды.

«Атырау облысының аумағында қалалар мен елдімекендер арасында автобус қатынасы тоқтатылды. Ал, Алматы қаласына, Ақтөбе және Маңғыстау облысына қатынайтын пойыздар жүрмейді. Сондай-ақ, тұрғындар мен автокөлік қатынасына түнгі сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін тыйым салынған», - деп жазылған қаулыда.

Азық-түлік дүкендеріне сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілген.