Жетісу облысында сирек кездесетін қар барысы жүр
Жыртқыш аң аумақты жоспарлы түрде бақылау кезінде көзге түскен
Жетісу облысындағы «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде сирек кездесетін қар барысы бейнекамераға түсіп қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Бұл туралы парк әкімшілігі хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, жануарды парк инспекторы Ерлан Молдахметов аумақты жоспарлы түрде бақылау кезінде видеоға түсірген. Кадрларда жолбарыстың табиғи ортада еркін қозғалып жүргені байқалады.
Қар барысы Қазақстанның Қызыл кітабына енген және жойылып кету қаупі жоғары аңдардың бірі саналады. Мамандар оның табиғи мекенінде тіркелуін экожүйенің салыстырмалы түрде тұрақты екенін және қоршаған ортаның қолайлы күйін білдіретін белгі ретінде бағалап отыр.
Соңғы жылдары сирек жануарларды мониторингтеу мен қорғау шаралары күшейтілген. Соның арқасында мұндай кездесулер жиілей бастағаны байқалады. Дегенмен мамандар қар барысы сияқты сирек түрлерді сақтау үшін жүйелі бақылау мен қорғау шараларын жалғастыру қажет екенін атап өтеді.