Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр
Атырау облысында зират аумағынан қару-жарақ жасырылған орын анықталды. Бұл дерек қару иесінің өз еркімен келіп, мәлімдеме жасауынан кейін белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Операция 2026 жылғы 13 сәуірде өткен. Іс-шараға №79 мекеме жедел бөлімінің қызметкерлері мен Атырау облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары бірлесіп қатысқан.
Қару мен оқ-дәрілерді тәркілеуге азаматтың өз еркімен берген түсініктемесі негіз болған. Ол қару сақталған орынды көрсеткен. Тиісті заңнама талаптарына сәйкес мылтық пен оқ-дәрілер тәркіленді.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.