Қазақстанда ауа райына байланысты бірнеше өңірде тасжолдар жабылып қалды

Автор: Асыл Арман

«ҚазАвтоЖол» арнайы хабарлама жариялады

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, ауа райына байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде тасжолдар жабылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлытау облысында 17 сәуір сағат 07:30-да ауа райының бұзылуына байланысты «Кызылорда-Жезказған-Қарағанды-Шідерті» автожолының 433-788 шақырымы аралығында (Жезқазған қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. 17 сәуір сағат 11:30-да жолды ашу жоспарланған.

Қарағанды облысында 17 сәуір сағат 07:30-да ауа райының бұзылуына байланысты «Кызылорда-Жезказған-Қарағанды-Шідерті» автожолының 788-906 шақырымы аралығында (Ұлытау облысының шекарасынан Топар поселкысыне  дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. 17 сәуір сағат 11:30-да жолды ашу жоспарланған.

Абай облысында 17 сәуір сағат 09:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы автожолдарда барлық көлік түрлерінің қоғалысына уақытша шектеу қойылады: 

  • «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» автожолының 756-906 шақырым аралығы (Семей қаласы — Қалбатау ауылы);
  • «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы»  автожолының 778-967 шақырым аралығы (Аягөз қаласы – Қалбатау ауылы).

Жолды 2026 жылғы 17 сәуір сағат 15:00-де ашу жоспарланған. 

17 сәуір сағат 09:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің (сонымен бірге жазғы дөңгелекпен жабдықталған барлық көліктер) қозғалысына уақытша шектеу қойылды:

Шығыс Қазақстан облысы:

  • «Өскемен – Семей» автожолының 12-45 шақырым аралығы (Казачье ауылы – Таврия ауылы);
  • «Өскемен – Семей» автожолының 48-103 шақырым аралығы (Таврия ауылы – Абай облысы шекарасы);
  • «Өскемен – Риддер – РФ шекарасы» автожолының 0-105 шақырым аралығы (Өскемен қаласы – Риддер қаласы);
  • «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 7-166 шақырым аралығы (Ушановское ауылы – Алтай қаласы);
  • «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы»  автожолының 1089-1191 шақырым аралығы (Өскемен қаласы — Алтай қаласы);
  • «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы»  автожолының 1013-1062 шақырым аралығы (Абай облысы шекарасы – Рубеж кенті).

Абай облысы:

  • «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 971-1013 шақырым аралығы (Қалбатау ауылы – Шығыс Қазақстан облысының шекарасы);
  • «Өскемен – Семей» автожолының 103-198 шақырым аралығы (Шығыс Қазақстан облысының шекарасы – Семей қаласы).

Жолды 17 сәуір күні сағат 14:00-де ашу жоспарланып отыр.