17.04.2026, 09:09
Жаңалықтар
Өскеменде ер адам трамвай аялдамасында көз жұмды (ВИДЕО)
Марқұмның 56 жаста болғаны анықталды
Фото: istockphoto.com
Өскемен қаласында Шәкәрім даңғылындағы трамвай аялдамаларының бірінде ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел медициналық жәрдем бригадасының фельдшері «102» арнасына 16 сәуір күні шамамен сағат 15:00-де хабарлаған.
Дәрігерлердің айтуынша, 1970 жылы туған ер адам қоғамдық көлік аялдамасында жедел жәрдем келгенге дейін кенеттен көз жұмған.
«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Қажетті тексеру шаралары жүргізіліп, болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады полиция.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 12:13
Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды