Қазақстанда ауа райына байланысты бірнеше өңірде тасжолдар жабылып қалды
«ҚазАвтоЖол» арнайы хабарлама жариялады
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, ауа райына байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде тасжолдар жабылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлытау облысында 17 сәуір сағат 07:30-да ауа райының бұзылуына байланысты «Кызылорда-Жезказған-Қарағанды-Шідерті» автожолының 433-788 шақырымы аралығында (Жезқазған қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. 17 сәуір сағат 11:30-да жолды ашу жоспарланған.
Қарағанды облысында 17 сәуір сағат 07:30-да ауа райының бұзылуына байланысты «Кызылорда-Жезказған-Қарағанды-Шідерті» автожолының 788-906 шақырымы аралығында (Ұлытау облысының шекарасынан Топар поселкысыне дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. 17 сәуір сағат 11:30-да жолды ашу жоспарланған.
Абай облысында 17 сәуір сағат 09:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы автожолдарда барлық көлік түрлерінің қоғалысына уақытша шектеу қойылады:
- «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» автожолының 756-906 шақырым аралығы (Семей қаласы — Қалбатау ауылы);
- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 778-967 шақырым аралығы (Аягөз қаласы – Қалбатау ауылы).
Жолды 2026 жылғы 17 сәуір сағат 15:00-де ашу жоспарланған.
17 сәуір сағат 09:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің (сонымен бірге жазғы дөңгелекпен жабдықталған барлық көліктер) қозғалысына уақытша шектеу қойылды:
Шығыс Қазақстан облысы:
- «Өскемен – Семей» автожолының 12-45 шақырым аралығы (Казачье ауылы – Таврия ауылы);
- «Өскемен – Семей» автожолының 48-103 шақырым аралығы (Таврия ауылы – Абай облысы шекарасы);
- «Өскемен – Риддер – РФ шекарасы» автожолының 0-105 шақырым аралығы (Өскемен қаласы – Риддер қаласы);
- «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 7-166 шақырым аралығы (Ушановское ауылы – Алтай қаласы);
- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1089-1191 шақырым аралығы (Өскемен қаласы — Алтай қаласы);
- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1013-1062 шақырым аралығы (Абай облысы шекарасы – Рубеж кенті).
Абай облысы:
- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 971-1013 шақырым аралығы (Қалбатау ауылы – Шығыс Қазақстан облысының шекарасы);
- «Өскемен – Семей» автожолының 103-198 шақырым аралығы (Шығыс Қазақстан облысының шекарасы – Семей қаласы).
Жолды 17 сәуір күні сағат 14:00-де ашу жоспарланып отыр.