Полицейлер арнайы жабдықталған фитозертхананы анықтады, күдікті бір жылдан бері есірткі өсірген.
Шымкентте тұрғын үйдің жертөлесінде марихуана өсірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шымкент қаласы полиция департаменті мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында заңсыз фитозертхананы анықтаған.
Тексеру кезінде жергілікті тұрғын жертөлені толықтай қайта бейімдеп, тыйым салынған өсімдіктерді өсіруге арналған арнайы құрал-жабдықтармен жабдықтағаны белгілі болды. Ішінен құрамында есірткі заты бар өсімдіктер, яғни марихуана, сондай-ақ оны күтіп-баптауға арналған техникалық құрылғылар тәркіленді.
Алдын ала дерекке сәйкес, күдікті 2025 жылдан бері ірі көлемде есірткі өсімдіктерін заңсыз өсірумен айналысқан.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.